Шымкенттің қақ ортасында атыс болды. Оқиға тал түсте Төлеби көшесіндегі базардың жанында болған. Куәлер ұрыстың басы ерегістен туындағанын айтады.
Екі топқа бөлінген жігіттердің бірі тас лақтырған, ал екінші жақ тапаншадан оқ атты дейді оқиғаны көргендер. Сол маңға жедел тергеу тобы келеді. Қоғамдық орында атыс ұйымдастырғандардың көліктерін іздестіру үшін тосқауыл операциясы жарияланған. Бүгін ОҚО ІІД ресми өкілі осы оқиға бойынша мәлімет берді.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Екі жақтың арасында ұрыс-керіс болған. Содан келген жақтың ішіндегі бір адам травматикалық қарумен ауаға қарай оқ атқан. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалап кеткен.»