«Ең үздік жұмыс ұйымдастырушы». Шымкент қаласын 24 сағат таза ауызсумен қамтып отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Америка Құрама Штаттарында өткен жиында осындай марапатқа ие болды.
Еліміздегі ауызсу жүйесін жоғарғы деңгейге жеткізу және халықты таза сумен толық қамтамасыз етуде мекеменің еңбегі орасан. Ұжым басшысы Анарбек Орман салаға жаңа технологияларды енгізуде елімізде көшбасшы деуге болады.
Еске сала кетсек, 30-40 жылда тозығы жетіп, жарамсыз болған темір құбырларды полипропилен құбырға алмастыру жаңалығын және су есептегіш құралдарды орнатуды коммуналдық салаға алғаш болып енгізген де осы азамат. Бүгінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басты мақсаты тіршілік нәрін табиғат байлығы ретінде елдің игілігіне пайдалану болып отыр.