Төлебиде 8 көп қабатты үй салынады

442

Төле би ауданында 480 пәтерлі 8 көп қабатты тұрғын үй бой көтермек. Леңгір қаласындағы 1-шағынауданында салынатын үйлердің құрылысы «Өңірлерді дамыту -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Төлебиде 8 көп қабатты үй салынады

Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда. Бес қабатты 8 үйдің әрқайсысы 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт түзілді.

Төлебиде 8 көп қабатты үй салынады

Қазіргі таңда нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің астында жер қазылып, қайта нығыздалуда.

Айта кетейік, көп қабатты үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.