Желтоқсанда Шымкентте ірі мал сою бекеті ашылады

419
Желтоқсанда Шымкентте ірі мал сою бекеті ашылады

Желтоқсанда Шымкентте ірі мал сою бекеті ашылады

Бүгін белгілі болғандай, Шымкентте желтоқсан айында жаңа мал сою бекеті іске қосылады. Бозарық шағынауданында аумағы бір гектар жерге салынып жатқан бекетте күніне 200-ден астам ұсақ мал союға мүмкіндік болады.

Бұл бекет жеке кәсіпкерлер есебінен тұрғызылып жатыр. Естеріңізде болса, Дулати көшесіндегі жеке үйлерде мал союға тыйым салынып, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бұл кәсіптерін жалғастыру үшін қала аумағынан жер телімін бөлген-ді.

Нәтижесінде қаланың орталығында орналасқан үйлерде мал саудасы мен оны бауыздау кәсібін тоқтату туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта қалалықтар замал талабына сай үлгіде салынған бекеттен мал алып, сол жерде сойдырып ала алады.

Нұрлан Жаңабай