Қызметтік ит есек ұрлығын ашуға көмектесті

745
Қызметтік ит есек ұрлығын ашуға көмектесті

Қызметтік ит есек ұрлығын ашуға көмектестіОңтүстіктің полицейлері есек ұрлығын ашты. Мақтаарал ауданының бірнеше тұрғыны полицияға арызданып келеді. Шұғыл-тергеу тобы іздеуге кіріскен сәтте Рекс лақап атты қызметтік ит күдіктінің ізіне түсіп, үйіне алып келді.

Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті бірнеше есекті ұрлап, егістік жерде сойып, терісін сыпырып алған екен. Қолға түскен жігіт қазір кінәсін мойындап отыр. Одан 4 тері, қолғап мен арқан айғақ ретінде тәркіленіп алынды. Қылмысты іс қозғалып, тергеу жалғасуда.