Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

498
Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Қазақстандағы қос мереке — ел тәуелсіздігіне — 25 жыл және тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазығұрт ауданында жаңа көпір ашылды. 25 жылдыққа – 25 игі іс шарасы аясында Алтынтөбе ауыл округіне қарасты Қосағаш елдімекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл — аудан көлемінде тәуесіздік жылдары салынған, автокөлік жүретін сегізінші көпір.

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Біраз жылдан бері орталық пен 1500-ге жуық халық тұратын Қосағаш ауылын қосатын көпірдің болмауынан Қаржан өзенінен өту мұң болатын. Міне, биыл сол көпірді салудың сәті түсті.

Облыстық бюджеттен 126,5 млн теңге бөлініп, құрылысты «Арсенал-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды. Жұмысшылар көпірді белгіленген мерзімде ел игілігіне ұсынып отыр. Өткел бүгінгі талапқа сай. Ұзындығы — 90, ені — 8 метр. Түрлі көліктердің өтуіне шыдас береді деп күтілуде.

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, көпір салуға атсалысқан ауыл азаматтарына, құрылысшыларға алғысын білдірді.

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Айта кеткен жөн, ауданда 2020 жылға дейін тағы 4 көпір салу жоспарланып отыр. Осылайша аудан көлемінде көпір саны 28-ге жетпек.