Ақдаладағы атысқа қатысты сот шешімі өзгерген жоқ

368
Ақдалады атысқа қатысты сот шешімі өзгерген жоқ

Ақдаладағы атысқа қатысты облыстық сот судьяларының алғашқы шешімді өзгерусіз қалды. Былтырғы 22 наурыз күні ауылдағы мектепте атыс ұйымдастырғандардың ісі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған еді. Себебі, жәбірленушінің анасы жазаны қатаңдатуды сұранып, шағымын білдірген.

Ақдалады атысқа қатысты сот шешімі өзгерген жоқ

Клара Үсенова — мектептегі атыстан көз жұмған Бағдад Үсеновтың анасы. Сотта Сабыржан Есетханұлын тек айыпталушының сыбайласы деп қарау аз дейді.

Клара Үсенова: «Олар мектепке баса көктеп кіріп, оқ атқан, яғни шабуылдаған. Мал емес, адам атып, өлтіріп отыр. Екеуін жаралаған, біреуін өлтірді.»

Ал Сабыржан Естханұлының қорғаушысы оның алғаш рет сот алдында жауап беріп тұрмағанын алға тартады. Соңғы сот отырысында алқабилердің шешімімен айыпталушы тек бұзақылық әрекетін жасаған деп айыпталған дейді қорғаушы.

Зиядинхан Пірнияз, судья: «Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгерусіз қалдырылсын.»

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Ақдала ауылындағы Ерубаев атындағы орта мектептегі жарыс кезінде жарысқа қатысушылар Ғани Қадыров пен Бағдад Үсеновтың арасындағы кикілжің соңы төбелеске ұласады. Қадыров өзінің таныстарымен қаруланып мектепке келіп, атыс шығарған. Жарақат салдарынан Бағдад оқиға орнында мерт болады. Ал Қуандық Рахымбердив пен мектеп оқушысы атылған оқтан жарақаттанады. Өткен жылдың қараша айында Ғани Қадыров 20 жылға түрмеге қамалды. Жарты жылдан соң Ғанидың сыбайласы Сабыржан Есетханұлы ұсталынған еді.

Ал тараптар облыстық соттан кейінгі шешімінен соң жоғарғы сотқа шағымданатындарын айтып отыр.

Ернар Балабеков