Шымкенттегі Абай ауданында көп қабатты үй аулаларын қайта құрып, абаттандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде биыл аудан бойынша 17 алаң абаттандырылып, үй тұрғындарын қуантып отыр. Аудан әкімдігі, бұдан бөлек, Шымкент қаласына жаңадан қосылған елдімекендерді де ұмыт қалдырмай, көңіл бөлмек.
Қар астында қалған алаңшалар көктем келе сәбилердің күлкісіне толы болады деген үміт көп. Себебі Юрий Гагарин көшесінің тұрғындары тап осылай ауланың абаттандырылуын көптен күткен болатын. Тіпті шағымдарын өздері сайлаған депутатарға дейін жеткізді, енді нәтижесі жаман емес.
Енді республикалық бюджеттен бөлінген қосымша 160 млн теңгеге қалаға жаңа қосылған елдімекендердегі 13 ауланы абаттандыру басталды. Қорытындысында Абай ауданы бойынша 240 ауланың 200-і толық жөндеуден өткізілді.
Алдағы жылға да жоспар үлкен бүгінгі таңда қалған 20 аулаға ЖСҚ дайындалыпты. Құрылысқа қаражат қаралса, алдағы көктем айында жұмыс жалғасын табатын болады.
Нұрлан Жаңабай