Облыс тұрғындарының назарына — дәрігерлер тегін тексереді. Сенбі, 5 қараша күні таңғы сағат 09:00-ден түскі 13:00-ге дейін Майлықожа көшесі, 4-үйге келіңіз.
Облыстық клиникалық ауруханада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні клиниканың жетекші мамандарынан тегін кеңес алуға мүмкіндік бар.