Оңтүстіктің тәртіп сақшылары бұған қоса қап-қап есірткі затын тасымалдаған қылмыстық топты құрықтады. 56 келі есірткі тасымалдамақ болғандар Шымкент-Самара тасжолында қолға түскен.
УАЗ және Фольцваген көліктерін тексерген полицейлер есірткі затына ұқсас қапталған өсімдік тәркілейді. Сараптама барысында оның салмағы 90 келі тартатын көкнәр екені анықталды.
Ұсталғандар — 48 бен 56 жас аралығындағы кісілердің бірінің үйінен тінту кезінде тағы 38 келі марихуана тәркіленіп алынады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.