Мақтааралдағы базар өртіне қатысты қылмысты іс қозғалды

324
Мақтааралдағы базар өртіне қатысты қылмысты іс қозғалды

Мақтаарал ауданындағы базарда болған өртке қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлайды.

Мақтааралдағы базар өртіне қатысты қылмысты іс қозғалды

Еске салайық, 2016 жылдың 26 қарашасы күні Мақтаарал аудандық ішкі істер бөліміне түннің жартысы ауған мезгілде Атакент базарында өрт болып жатқаны туралы суыт хабар түседі. Оқиға орнына 6 өрт сөндіру техникасы, 20 өрт сөндіруші және 75 полиция қызметкері барады. Өрт сөндірушілер өрттің бетін қайтарған. Болжам бойынша базардың сауда қатарлары жанған. Абырой болғанда, өрттен зардап шеккен адам жоқ.

Мақтааралдағы базар өртіне қатысты қылмысты іс қозғалды

Аталған жайт Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеліп, қылмысты кодекстің 202-бабымен (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) іс қозғалды. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі анықталуда.

Мақтааралдағы базар өртіне қатысты қылмысты іс қозғалды

Қазіргі таңда полицейлер өрттің шығу себебін анықтауда. Өртке қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақтааралдағы базар өртіне қатысты қылмысты іс қозғалды