Монополияға қарсы қызмет: «Оңтүстікте коммуналды тарифті арзандатуға мүмкіндік бар»

303
Монополияға қарсы қызмет:
Нұрлан Алдабергенов

Оңтүстікте коммуналды игіліктердің тарифін арзандатуға мүмкіндік бар! Бұл туралы облыс әкімдігінде Еуразиялық комиссиясының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Табиғи газ, электр энергиясы тарифін мүмкіндігінше төмендетіп, аймақтар арасындағы баға айырмашылығын азайту керек дейді жиналғандар.

Евразиялық одақ бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашты. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі осылай дейді. Одаққа мүше болғанға дейін Оңтүстік Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы айналым көлемі 225 млн АҚШ долларын құраса, былтыр бұл көрсеткіш көлемі 756 млн долларға жетті.

Сондай-ақ, мәжілісте табиғи монополия субъектілері тарифтерінің қалыптасуы да әңгіме болды. Еуроазиялық экономикалық комиссиясының бәсекелестік және монополияларға қарсы реттеу жөніндегі министрі Оңтүстіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, газ, электр энергиясы мен суға тарифті төмендетуге болатынын айтты.

Монополияға қарсы қызмет: "Оңтүстікте коммуналды тарифті арзандатуға мүмкіндік бар"
Нұрлан Алдабергенов

Нұрлан Алдабергенов, Еуразиялық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі: «Газдың тарифі Оңтүстік Қазақстанда өте жоғары. Алматы мен Жамбылға тасымалданатынын және Оңтүстік өңірінде табиғи газдың барын ескерсек, бағаны төмендетуге мүмкіндік бар. Электр энергиясына да қатысты жағдай осындай. Солтүстік аймақтар электр энергиясын тасымалдайды. Алайда Оңтүстік Қазақстанда электр энергиясын өндіретін кәсіпорындар бар емес пе? Суға да қатысты осындай жағдай.»

Жиында табиғи газ, электр энергия бағасын мүмкіндігінше төмендетіп, аймақтар арасындағы баға айырмашылығын азайту мәселесі де сөз болды. Ол үшін бірыңғай бағаны әзірлеп бекіту мен жеке және шағын бизнестің дамуына қолдау көрсету және өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында электр энергиясы тарифін субсидиялау ұсынылды.