Шымкент қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен форумда ОҚО ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мұғалімі Оспан Ақбота марапатталды. Мұғалімге «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында жазған үздік мақаласы үшін Шымкент қаласының әкімінің алғыс хаты табысталды.
Форумның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін ұғындыру болды. Мемлекеттіл тіл турасында жазылып, БАҚ-та жарияланған үздік мақалалар авторының жеңімпаздарын марапаттау Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды іс-шара» аясында облыстық опера және балет театрының ғимаратында өтті.
Қазақстан полициясының өмірі мен қызметіндегі мемлекеттік тілдің орнын көрсеткен мұғалім Оспан Ақботаның мақаласын форум ұйымдастырушылары үздік деп таныды. Жеңімпаздарға Шымкент қаласы әкімінің алғысхаты мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.