Оңтүстік студенттері Дельфий ойындарынан жүлделі оралды

206

Оңтүстік студенттері Дельфий ойындарынан жүлделі оралды. Сайыс Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1-5 қараша күндері Ақмола облысындағы Степногор қаласында өткен болатын.

ХІІ ұлттық жастар Дельфий ойындарында Оңтүстіктен 8 номинация бойынша 21 қатысушы өз өнерін көрсеткен болатын. Нəтижесі жаман емес – жастардың қоржынында 4 алтын, 1 күміс медаль бар.

Алтын:

  • Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің студенттерінің арасынан дəстүрлі əн салу номинациясы бойынша Ақжол Өсербай;
  • Қылқобыз номинациясы бойынша Рахымжан Нұрлыхан;
  • Халық биі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қаракөз» би ансамблі;
  • домбыра номинациясы бойынша Дастан Ибрагим.

Ал театр бойынша Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенттері күміс медальді ұтып алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!