Оңтүстікке «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшылары келді

308
Оңтүстікке "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшылары келді

Оңтүстікке «Бәйтерек» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басшылары келді. Осыған орай облыс әкімдігінде холдингтің басқарма төрағасы Ерболат Досаев бастаған қаржы институттары басшыларының қатысуымен ауқымды жиын өтті.

Оңтүстікке "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшылары келді

Жұмысшы топ Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының жергілікті жерде орындалуымен танысты. Оңтүстік өңірінде былтыр «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы салған 36 көп қабатты үй пайдалануға тапсырылып, биыл Шымкентте 32 көп қабатты үй, Түркістанда 8 мыңға жуық шаршы метр баспана салынуда. Жиында  облыс басшысы үйлерге инфроқұрылымды тартуды алдын ала жоспарлау бойынша ұсыныстарын берді.

Өңірлердегі индустриалды-инновациялық бағдарламалардың жүзеге асуына «Бәйтерек» холдингі тарапынан баса көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы тапсырмалардың да орындалуы басты назарда. «Бәйтерек холдингі» бөлген инвестицияларының қатысуымен Оңтүстік өңірінде 40 млрд теңгеден астам қаржыға 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 1600 жаңа жұмыс орны ашылған дейді жауаптылар.

Бір әттеген-айы, кәсіпкерлердің саны бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада алдыңғы қатарда болса, шағын және орта бизнесте тұрғылықты халықтың қамтылуы ең төмен дәрежеде. Облыс әкімі осындай секілді проблемаларды жасырмай, астаналық делегациядан дағдарыс кезеңінде күрделіктерді бастан кешіп отырған тоқыма кәсіпорындарына қаржылай көмек көрсетуді сұрады.

Күнгей өңірдің тұрақты дамуына, тұрғылықты халықтың жұмыспен қамтуға мүмкіндіктері зор екенін атап өткен Досаев мырза осы бағытта облыс әкімдігі тарапынан атқарылатын жұмысқа қолдау болады деп сендірді.