Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

561
Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша Оңтүстікте кезекті семинар өткізді. Тақырыбы «Етті толығымен қайта өңдеу ерекшеліктері және қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс тиімділігін арттыру» деп аталды.

Бұл жолы оқыту Сайрам ауданындағы «Камилов» жеке кәсіпкерлігінің базасында ұйымдастырылған. Оның бір себебі — бұл кәсіпкерлік мал бордақылаумен айналысады. Бүгінгі таңда мұнда мал сойылып, ет өнімдері барлық қажетті технологиялық ережеге сай даярланады. Кәсіпорында айына 120 тонна, ал жылына 1400 тонна ет өнімдері шығарылады.

Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

 

Дәріс оқушылар фермерлерге қайта өңдеу кәсіпорындарының экономикалық мүмкіндіктері, ет өнімдері өндірісінің технологиялық ерекшеліктері және саладағы инновациялар туралы әңгімеледі. Сайрам халқы тығыз орналасқан аймақ болғандықтан, тұрғындардың өз-өзін қамту көрсеткіші жоғары аймаққа жатады. Сондықтан жергілікті фермерлердің заң актілеріндегі жаңашылдықтар туралы ақпаратқа сұранысы зор.

Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

 

— Мұндай семинарлар қазіргі таңда кәсіпкерпен айналысып келе жатқан және өз ісін енді ашып жатқан азаматтарды нарық талаптарына ғана емес, өндірілген өнімнің қауіпсіздік негіздерін оқытуға бағытталып отыр, — дейді ОҚО кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Әлімжан Алибаев. — Дәрісте тыңдаушыларға ветеринарлық заңға сәйкес мал сою ісі арнайы жабдықтандырылған алаңдарда немесе барлық қондырғысы бар пунктерде өтуі тиіс екені айтылды. Сонымен қатар малдың құжатымен танысып, тұтас етіне тексеру жүргізетін ветеринардың болуы міндетті екені де әңгімеленді. Аталған шаралардың барлығы қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар денсаулығын сақтауға бағытталғанын айта кеткен жөн.

Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

Сонымен қатар семинарда мемлекеттік қолдау мен нарық қатысушылары арасындағы кооперациялардың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Дәлірек айтсақ, ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы Қазақстанның жаңа заңына сәйкес, өндірістік кооперативтерге коммерциялық ұйым мәртебесі беріліп отыр.

Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

Ал бұл, өз кезегінде, кооперация мүшелеріне табысты тең бөлуге жол ашпақ. Бұған дейін біріккен фермерлік шаруашылықтарда мұндай мүмкіндік болмаған еді. Заңда, сондай-ақ, кооператив мүшелерінің жарғылық капиталға қатысуына байланысты олардың арасында мемлекеттік субсидияларды бөлу тетіктері де қарастырылған. АӨК құруға бүгінде мол қаражат бөлінуде. Бұл мақсатта «ҚазАгро ҰБХ» АҚ тарапынан 7,3 млрд теңге қарастырылған.

Оңтүстіктің кәсіпкерлері ет өңдеуді үйренуде

Күннің екінші жартысында семинарға қатысушылар мал сою ісінің технологиялық процесі мен тұтас етті бөлу және етті қайта өңдеу ісімен тәжірибе жүзінде танысты. Семинар соңында қатысушыларға оқуға қатысқандарын айғақтайтын сертификаттар табысталды.