Шымкенттегі Рысқұлов даңғылындағы жерүсті өткелі бір жыл өтпей тозуға айналды. Құны 128 млн теңге тұратын осы көпірді ашу салтанатына қала әкімі өзі қатысып, мүгедектер мен қарттар үшін орнатылған лифтті де тексерген болаты.
Көпшіліктің көңілінен шыққан нысанда енді жоғары көтеріліп-өту ол азаматтар үшін оңай емес. Себеп — лифт жұмыс істемейді. Еденіне сүрінген қалалықтар шағымды талай рет тиісті бөлімдерге айтқанбыз дейді. Негізі, өткелді салуға тапсырыс берген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі нысанды тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне күтіп-ұстауға тапсырған. Кезінде жолдан өту қауіпсіз болады деп қуанғандар жауапты мамандар өткелден келіп, жүріп, өтіп көрсе, дейді.
Нұрлан Бектұрсынов, Шымкент қ. ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары: «Біз осы нысандағы лифтті күтіп-ұстауға екі рет конкурс жарияладық. Дегенмен, екі рет қаржылық бақылау қызметі бір себептермен бұл конкурсты кері қайтарды. Енді жақында лифтке қарауға қатысты тағы конкурс жариялаймыз деп отырмыз.»
Өкінішке қарай, билік өкілдерін арбаға таңылған жарым жандардың жолдан қалай өтетіні қызықтырмаса керек, бюджеттен бөлінетін қаржыны күтіп отыр. Ал облыс әкімі жақында ғана қала әкімінің есебін тыңдағанда мүгедектерге ыңғайластырылған жағдай жасау қажеттігін, әр мекемеге тиісті пантустар жасауға тапсырма берді.
Нұрлан Жаңабай