Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына — 15 жыл

1420
Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына - 15 жыл

Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға — 15 жыл. Музей 2001 жылы 2 қараша күні саяси қуғын сүргін құрбандарына арналып ашылған еді. Алғашында облыстық музейдің филиалы болып ашылған мұражайдың қор бөлімінде 6000-нан астам жәдігер болған.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына - 15 жыл

Уақыт өте келе мұражай қызметкерлері және қуғын-сүргін құрбандары туыстарының көмегімен жәдігер саны артып келеді.

Қазір қоры жыл сайын толығып отыратын мұражайға жыл сайын 15 мыңдай адам келеді. Еске салайық, сонау зұлмат жылдары жүз мың қазақстандық саяси репрессияның құрбаны болса, солардың ішінде жиырма мыңдай жерлесіміз атылып кете барды.

Тоталитарлық жүйенің қанды шеңгелі қазақ интеллегениясын, соның ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа көптеген белгілі тұлғаларды оққа байлады.

Жанерке Хумар