Шардара аудандық ауруханасы қызметкерлерінің зейнетақыға деп жалақыдан ұсталатын қаржысы аударыла бастады. Естеріңізде болса, дәрігерлердің шағымданғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Шардаралық ақ халаттылар зейнетқы қорымызға 15 жылдан бері ақша дұрыс аударылмайды деп дау шығарған. Құзырлы органдар мен аурухананың 2 ай бұрын ауысқан басшылығы бұл мәселені тексеріп, қорытындысын шығардық дейді.
Сапар Өмірзақов, Шардара аудандық аурухананың заңгері: «Қазіргі уақытта оның барлығының орны толтырылды. Тексеру де жүргізілді. Нәтижесі қазір қанағаттанарлық.»
Бұл тексерудің нәтиже бергенін редакцияға арнайы келген дәрігерлер де растап отыр.
Татьяна Ким, Шардара аудандық аурухананың қызметкері: «Зейнетақы жарнамыз аударыла бастады. Және аурухананың бас дәрігері бұған дейінгі аударылмаған жарнамыз дұрысталады деп уәде берді.»
Базаркүл Мәмедова, Шардара аудандық аурухананың бас бухгалтері: «Қазіргі уақытта қаржының барлығы аударылды. Бүгінгі таңға ешқандай қарызымыз жоқ. Кіріс департаментінен бізге тексеру қорытындысы берілді. Өсім көрсетіліп, оны өзіміз құйдық. Барлығы — қалыпты. Қазір ақша аударылып жатыр.»
Зәуре Оралбаева