Шымкенттің көшелері сәулеттік өнер туындыларымен безендірілуде. Күзден бастап көшелердегі ұлттық нақыштағы сәндік өнер туындылары жөнделе басталды.
Жанат Елубаевтың «Қыз жасауы», қазақ әйелдерінің дәстүрлі зергерлік бұйымдарының көшірмелері, ежелгі қазақ керамика өнеріндегі текемет пен ұлттық оюмен әдіптелген торсық қала көшелеріне орналастырылды.
Бүгінде Бауыржан Момышұлы даңғылы, Түркістан көшесі, Tемірлантас жолы және Шәмші әлемі гүлзарында осы ұлттық туындылар орнатылған.
Сонымен қатар Сәкен Нарыновтың «Күн мен түн», Зулхайнар Қожамқұлованың «Төрт қыз», Расул Естемесовтың «Құс және тасбақа», Асқар Есдәулетовтың «Oйыншы» және «Ұмай», Мұхтар Бекеновтың «Өрнек», Әбдікәрім Ахметовтың «Түйе» көркемөнер туындылары да қаланың басты көшелерінде орналасқан.
Айта кету керек, бұл жұмыстарға 15 миллион теңге қаралып, соның ішінде 13 миллион теңгесі игерілген.