Шымкентте «Қазақстан халық банкі» филиалының жаңа кеңсесі ашылды

716
Шымкентте «Қазақстан халық банкі» филиалының жаңа кеңсесі ашылды

Шымкентте «Қазақстан халық банкі» филиалының жаңа кеңсесі ашылды. 8 қабатты ғимарат Әл Фараби алаңында орналасқан. Заманауи талапқа сай жабдықталған нысанда жеке және заңды тұлғаларға банк саласының барлық қызметі көрсетіледі. Жаңа кеңсе ел экономикасы мен әл-ауқатының өсуіне елеулі үлес қоспақ.

Шымкентте «Қазақстан халық банкі» филиалының жаңа кеңсесі ашылды

Қазақстан халық банкі клиенттерінің көптен күткен кеңсесі ашылды. Бүгінде банктің Оңтүстіктегі филиалының депозит портфелі 24 млрд теңгеге жуықтайды. Халық банкі ел экономикасына өз үлесін қосып отырған отандық азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды қолдап, аймақтағы тоқыма өнеркәсібі өкілдерін қарқынды несиелендіріп отыр. Осыны айтап өткен облыс әкімі Жансейіт Түймебев банктің бүгінде елдің әл-ауқатының артуында еңбегі сүбелі дейді.

Шымкентте «Қазақстан халық банкі» филиалының жаңа кеңсесі ашылды

Бүгінде филиалдың шағын және орта бизнес бөлімінің жалпы портфель көлемі — 15 млрд теңге. Соның ішінде 5 млрд. теңге отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламарға тиесілі. Халық банкінің филиалы бизнестің бірнеше бағыты бойынша көшбасшыға айналып отыр бүгінде. Қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» қайырымды қаржылық институттар рейтингісіне еніп, қазақстандық коммерциялық банктерінің арасында 1-орынды иеленді.

Шымкентте «Қазақстан халық банкі» филиалының жаңа кеңсесі ашылды

Халық банкінің шалғай аудандарындағы клиенттері банк қызметтерін еркін пайдалана алуын қамтамасыз ететін ауқымды желісі жұмыс істейді. Сонымен қатар, банк дистанциондық сату каналдарын қарқынды дамытуда. Мысалы, облыста 176 банкомат, 32 банктік киоскі және 42 төлем терминалы орнатылған.

Айта кетейік, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Халық Банкі қазақстандық коммерциялық банктер арасында кірісі мол банк болып табылады. Қаржылық институт қазақстандық банктердің арасында жоғары рейтингке ие. 2016 жылдың шілде айында «Euromoney» халықаралық басылымында Халық банкі үздік қаржылық институты деп танылды.

Жарнама негізінде.