Шымкентте Европалық қайта құру және даму банкінің жаңа кеңсесі ашылды

251
Шымкентте Европалық қайта құру және даму банкінің жаңа кеңсесі ашылды

Шымкентте Европалық қайта құру және даму банкінің аймақтық жаңа кеңсесі ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон және Қазақстандағы банк өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты.

Шымкентте Европалық қайта құру және даму банкінің жаңа кеңсесі ашылды

Оңтүстік өңірінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл банк шағын және орта бизнезтің дамына қолдау білдіріп келеді. Осы жылдар ішінде 1 млн еуродан асатын маңызды 180 жобаны қаржыландырған.

Шымкентте Европалық қайта құру және даму банкінің жаңа кеңсесі ашылды

Банк алдағы уақытта оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды кеңейтіп, жобаны қаржыландыру көлемін арттырмақ. Айта кетейік, аталмыш банк бүгінге дейін ел экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд евро инвестицияласа, биыл 700 млн евро инвестиция құюды жоспарлап отыр.