Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

339
Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

Шымкентте 4 бірдей букмекерлік кеңсені тонау қылмысы ашылды. Қаланаың полицейлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігітті қолға түсіріп отыр.

Ішкі істер департаментінің мәліметінше, ұсталғандар 1 айдың ішінде 4 кеңсені тонап кеткен. Олар 21, 22 және 24 жастағы Шымкент қаласы мен Ордабасы ауданының тұрғындары болып шыққан.

Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

Тергеушілердің мәліметінше, 28 қыркүйек күні күдіктілер Шымкенттегі букмекерлік кеңселердің біріне кіріп, теледидарлар, касса аппараты мен компьютер және ақша алып кеткен. Жәбірленушіге келген шығынның көлемі 700 мың теңгеден асады.

Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

Ары қарай 23 қазан күні күдіктілер Жайлау шағынауданындағы кеңсені тонап, 1,5 миллион теңге  мен ойын терминалдарын алып кетеді.

Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

Арада үш күн өткенде қылмысты топ Жаңа шаһар шағынауданындағы кеңсеге кіріп, барлық техникасы мен 2 миллион теңге ақшаны алып кетеді.

Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

Ең соңғы қылмыс арада бірнеше күн өткен соң Бауыржан Момышұлы даңғылындағы кеңседе болды. Бұл жерді де тонаған күдіктілер терминалдар мен компьютер, теледидарға қоса жиһазды да алып кетіпті. Кассадағы ақшаны да ұмытпаған суық қолдылар кәсіпкерге 4 миллион теңгеден астам шығын келтіріпті.

Шымкентте 4 букмекер кеңсесін тонағандар ұсталды

Тергеу кезінде күдіктілер осылайша дүние жинап, өздерінің букмекерлік кеңселерін ашқылары келгені айтады. Олар тонаған заттар мен ақшаның жалпы құны 8 миллион теңгеден асып кетеді.

Қазір полицейлер ұрланған заттың біраз бөлігін тәркілеп алып, өз иелеріне қайтарды. Ал қолға түскендердің үстінен қылмысты іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бір айта кетерлігі, тоналған кеңселердің барлығында қауіпсіздік ережесі сақталмаған дейді тергеушілер. Мысалы, бейнебақылау камералары, дабыл батырмасы жоқ.