Шымкент сәулетшілері Көксай-2, Көксай-3 және Асар елдімекендерін қайта құру жоспарын нақтылап жатыр. Жоспар бойынша жеке тұрғын үйлер сүріліп, олардың орнына 5-9 қабатты үйлер бой көтереді дейді жобалаушылар.
Осылайша Көксай-2, Көксай-3 елдімекендерінде тұрғын үй қоры 130 мың шаршы метрге ұлғаятын болады. Мұнда саябақ, ауқымды атвотұрағы бар бизнес орталықтары және 320 орынды балабақша салынады деп күтілуде.
Ал Асар-2 шағынауданындағы жер телімдерінің 3,5 пайызы мемлекетке қайтарылуы тиіс деп есептейді жобалаушылар. Ол жерлерге де көпқабатты үйлер салу көзделіп отыр. Енді бұл елдімекендердің егжей-тегжей жоспары жыл аяғына дейін нақтыланатын болады.