Шымкенттегі орыс драма театрында тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қатысты. Салтанатты жиында қала басшысы барша шымкенттіктерді мерейлі мерекесімен құттықтады.
Думанды іс-шара барысында қаламыздың мақтанышына айналған шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Ал еңбегімен Шымшаһарымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға қала әкімінің өзі алғыс хатын табыс етті.
Марапатталғандардың арасында Еңбекші ауданы әкімдігінің коммуналдық салада көп жылдары еңбек еткен қызметкерлері бар.