Шымкентте жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды

318
Шымкентте жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды

Шымкентте екі көлік жүргізушісі жолға таласып, төбелесіп қалды. Оқиға 28 қазан күні кешке болған, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің өкілдері.

102 нөміріндегі кезекшіге қала тұрғындарынан суыт хабар түскен. Куәлер Шымкенттегі 18-шағынауданда бір топ адамның төбелесіп жатқанын айтады.

Оқиға орнына Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметкерлері шұғыл аттанады. Көрсетілген жерге жеткен жол-патрульді полициясының инспекторлары даурығып тұрған бір топ ер кісіні анықтады. Олар тұрғындар мен балалардың көзінше көпшілік орында бұзақылық жасап тұрған жерінен ұсталды.

Шымкентте жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды
Қаратау полиция бөлімі

Қолға түскендердің барлығы жағдайды анықтау үшін Қаратау полиция бекетіне жеткізілді. Осы жерде анық болғаны, ерегіс алдымен 40 жастағы таксист пен 33 жастағы Тойота көлігінің жүргізушісі арасында туындапты.

Шымкентте жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды

Екі жүргізуші Нұрсәт шағынауданында бір-біріне жол бермеген. Одан кейін, таксистің айтуынша, Тойотадан екі адам шығып, таксисті ұрып-соғыпты. Мұнымен қоса көлігінің терезесін сындырып, қашып кетпек болыпты. Бірақ, таксист олардың соңынан қуып отырып, 18-шағынауданда Тойотаның алдынан шығады. Сол жерде тоқтатып, өзінің әріптестерін көмекке шақырған.

Шымкентте жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды

Одан әрі бір топ еркектің арасындағы ерегіс соңы төбелеске ұласады. Олар осы жерден қолға түсті. Қазір бұл факті Қаратау полиция бөлімінің бірыңғай реестрінде тіркеліп, қылмысты кодекстің 293-бабы бойынша бұзақылық әрекетке қатысты іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Шымкентте жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды