Шымкент қалалық ономастикалық комиссияда қоғамдық тыңдау өтті. Жиында қаладағы дендрарий саябағына Асанбай Асқаровтың есімін беру және атауы жоқ 327 көшеге жер-су атауларын беру тақырыбы тыңдалды.
Басқосуға келген зиялы қауым өкілдері, көше төрағалары мен қала тұрғындары дендросаяққа Асанбай Асқаровтың есімін беруге қарсы еместігін айтты. Және қаладағы кейбір көшелердегі ескі және қайталанатын атауларды өзгерту туралы ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақ хандарының, Алаш ардақтыларының есімдерін де көшелерге беру туралы ұсыныстар айтылды.
Нұрлан Жаңабай