Шымкентте Сәуле, Құрсай-1 және Құрсай-2 шағынаудандарында, Карл Маркс бөлімшесінде табиғи газ беру уақытша тоқтады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ өкілдері осылай деп хабарлайды. Бұған себеп — жоғары қысымды құбырдан газ шығып жатыр.
Осыған орай қалпына келтіру жұмысы аяқталғанша жоғарыда аталған шағынаудандарға көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды.
Жауапты мамандар жұмыстар 2016 жылдың 1 желтоқсаны күні аяқталып, сол күні газ беріле бастайды деп болжап отыр. Газдың қайта қосылу уақыты қосымша хабарланады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ өкілдері қолайсыздықтар үшін абоненттерден кешірім сұрайды.