//
Сот орындаушылары мемлекетке 3,5 млрд теңгені өндіре алмай отыр Жаңалықтар 

Сот орындаушылары мемлекетке 3,5 млрд теңгені өндіре алмай отыр

Жергілікті сот орындаушылары мемлекетке тиесілі 3,5 млрд теңгені өндіріп бере алмай отыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. Қадағалау органы өкілдері жыл басынан бері 3000-нан астам атқарушылық істің түпкілікті шешімін таппағанын анықтап отыр.

Сот орындаушылары мемлекетке 3,5 млрд теңгені өндіре алмай отыр

Заңда көрсетілгендей, 2 айлық мерзімде орындалуы тиіс сот актілерінің мерзімі бұзылып отыр дейді прокурорлар. Айтуларынша, жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік органдар арасында қарым-қатынас болмағандықтан, осындай олқылықтар орын алып отыр.

Қантөре Хандиллаев, ОҚО прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары: “Бұл деректер сот орындаушылары мен мемлекеттік органдары арасында байланыс, жүйе жоғын көрсетіп отыр. Қазір біз осыны талқылап, нақты ұсыныстар айтатын боламыз. Бұл жағдайдан кейін халықтың сот орындаушыларына деген сенімсіздігі артады. Сондықтан бірлесіп жұмыс істейдің жолын қарастыруымыз керек.”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz