Таңертең автобустардың 1/3 бөлігі ғана жолға шықты

412
Таңертең автобустардың 1/3 бөлігі ғана жолға шықты

Оңтүстіке нағаз қыс келгеніне бір жетіге жуықтады. Қар жауғаннан кейінгі алғашқы күні таңертең қала көшелеріне қоғамдық көліктердің 30 пайыздан астамы ғана шығып, қызмет көрсеткен еді. Ал бүгін таңертең бұл көрсеткіш 42 пайызға жетіпті. Бұл — диспетчерлік орталықтан аланған ақпарат. Сала мамандарының айтуынша, бұл келеңсіздік — қоғамдық көліктердің қыс мезгіліне толық дайын болмауының салдары.

Таңертең автобустардың 1/3 бөлігі ғана жолға шықты

Жасыратыны жоқ, таңғы сағат 7-ден бастап қала көшелерінде арлы-берлі зымыраған автобустарды көру қиын емес. Ал қаланың шет аумақтарында мұндай көрініс жоқ. Аялдамаларда көлік күткен жолаушылар жетерлік. Бәрі қоғамдық көлік саласының қызметіне өкпелі.

Диспетчерлік орталықтағы мәлімет бойынша, 24 қараша күні таңертең бағытқа шығуы тиіс 1200-ге жуық автобустың бар болғаны 420-сы жолға шығыпты. Десе де күн жылына бұл көрсеткіш өсіп, 60-70 пайызға жетеді екен. Ал кешке қарай ол көрсеткіш қайта төмендейді. Бәрі ауа райына байланысты.

Бүгінгі таңда қала әкімдігінің мамандары кеш мезгілінде көлік қозғалысының жиілігін тексеруге кірісіпті. Ал таңертең бағытқа көліктері толық шықпаған 6 мекемеге келісім-шарт біржақты бұзылатыны туралы хат жолданған.

Нұрлан Жаңабай