Шымкент қаласындағы №35-748 әскери бөлімінің қызметкерлері де тұғырлы тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Темірдей тәртіпке бағынып, жауынгерлік қызметін мінсіз орындап жүрген жандар бұл жолы қалалықтарға ерекше тосынсый жасады.
Мерекелік арнайы флешмоб ұйымдастырды. Дирижердің басқаруымен ансамбль мүшелері сап түзеп, салтанатпен залда жүріп өтті. Тізе бүкпей, тік тұрып, бірнеше музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен танымал шығармаларды орындады.
Сауда орнындағы күнделікті қарбаластан бас алмай, сауда-саттық жасап жүрген қалалықтар бұл көрініске дән риза болып, қошеметтерін аямады.