Баспаналы болғысы келетін тұрғындар үшін жағымды жаңалық. «Отау-групп» компаниясының бірегей пәтерлері сатылымға шықты. Компания өкілдері Шымкентте орналасқан «Роял парк» және «Биік» кешендерінің пәтерлерін ипотекаға алуды оңтайландырып отыр. Бұл үшін сізге банк жүйесімен де жеңілдік жасалады.
«Отау-групп» компаниясы тұрғындарға тек сапалы әрі сәнді үйлерді ұсынады. Мына 6 қабатты үй Түркістан көшесінде орналасқан, соңғы үлгіде салынған, «Роял парк» кешені деп аталады. Мұнда жалпы саны 44 пәтер бар. Биылдың өзінде көпқабатты үйлерге 20 отбасы көшіп келіп, қоныс тойын тойлады. Ең бастысы, мұнда тұрамын деушілер үшін ыңғайлы жағдайдың барлығы жасалған. Лифт қызметі тәулік бойы тоқтамайды, автотұрақ, қауіпсіздік қызметі және ойын алаңшалары сіздің көңіліңізден шығары сөзсіз. Ал пәтерді жылдың соңында дейін сатып аламын десеңіз, Сбербанк арқылы жеңілдетілген бағамен 20 жылға дейін несиеге алуға болады. Бірақ, асығыңыз. Өйткені пәтерлер саны күннен-күнге азаюда.
Сонымен қатар шаһардың орталық көшесінде орналасқан «Биік» үйі де сатылымда. Ең озық үлгідегі нысанның 1-қабатында дүкен, дәріхана, сондай-ақ шаштараз орналасқан. Ал аулада балалар алаңшасы бар, сондай-ақ, ересектер үшін спортпен шұғылдануға да мүмкіндік жасалған. Мұнда жалпы саны 374 пәтер бар — 1 бөлмеден бастап 4 бөлмеге дейін. Тұрғындардың басым бөлігі орналасып та үлгерген.
«Отау-групп» компаниясы мұнан өзге оңтүстікқазақстандықтарға «Керемет», «Сұңқар», «Отау» сынды көпқабатты тұрғын үй кешендерін тапсырған болатын. Ал қазір Дінмұханбет Қонаев даңғылы мен Тұрар Рұсқұлов көшесінде орналасқан «Биік» және Түркістан көшесі бойындағы «Роял парк» кешендерін ұсынып отыр. Айта кетейік, жаңа жылдық жеңілдікпен үйлерді сатып алу үшін «Сбербанк» арқылы 4 пайыздан басталатын үстемақы қарастырылған. Сондай-ақ мердігер мекеме сатып алған пәтер иелеріне сыйлық ретінде автотұрақ орнын жеңілдікпен береді.
Лаура Нахыпқызы