«Южавтотранс» қауымдастығының басшысы Дархан Қаюповтың айтуынша, бұл ұсынысты көлік компанияларының басшылары өздері жасаған. Сонымен, зейнеткерлер тек автобустарда 16 желтоқсан күні тегін жүре алады.
Осы тұста Гринбас компаниясының өкілдері де қала тұрғындарына сыйлақ жасап отыр. 16 желтоқсан күні №78 бағыттағы 10 автобуста барлық қалалықтар тегін жүре алады. Ол автобустарда «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай дәл осы автобустан жол жүру – тегін!» жазуы болуы тиіс дейді компания өкілдері.