Шымкентте көлік ұрлап жүргендер ұсталды. Әл Фараби полиция бөлімінің шұғыл қызметкерлері іздестіру кезінде екі күдіктіні қолға түсірді. Олар көлік ұрлығын тексеру барысында ұсталып отыр.
Полицияға бірнеше тұрғын көлігін жоқтап, арызданып келген. Тергеу барысында 19 және 20 жастағы жігіттердің бұған дейін сотталғаны анықталды. Олар қазіргі таңда осыған дейін 20-дан астам көлікті ұрлап кеткендерін мойындап отыр.
Күдіктілер иесіз тұрған көліктерді аңдыған екен. Қазір бірнеше көлік иелеріне қайтарылып, қылмысты іс қозғалды.