Азаматтық альянс жылды қорытындылады

462
Азаматтық альянс жылды қорытындылады

Азаматтық альянс қауымдастығының үйлестіру кеңесі жылды қорытындылап, жаңа 2017 жылда атқарылатын жұмыстардың жоспарын түзді. Есепті мерзімдегі жұмысты қорытындылаған кеңес қауымдастық пен президенттің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Атап өтетін жәйт, мемлекеттік өзекті қызметтерді көрсету құзыретін азаматтық секторға тапсыру 100 нақты қадам ұлт жоспарында көрсетілген.

Альянстың жұмысы азаматтық қоғамды дамытуға және билік, бизнес пен қоғамның арасындағы тұрақты серіктестікті қалыптастыруға бағытталған. Мұны жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар атқарушы органдармен қарым-қатынас құрып, түрлі қоғамдық шаралар ұйымдастыруда.

Осы тұрғыда азаматтық бастамаларға басымдылық беріліп, халықтың қоғамдағы күрделіктерді шешуге белсенді атсалысуға жағдай жасау маңызды. Осы бағытта ауылдағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға аса көңіл бөлінеді.

Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағдарламасына бір жыл болды. Бұл мерзімде ауқымды жұмыс атқарылды дейді белсенділер.

«Біздің күшіміз – бірлікте» ұранын ұстанған азаматтық альянс қоғамдағы түйіткілдерді билікпен шешуге кіріскен. Тұрғылықты халықты өз ауласын көріктендіруге, көмекке мұқтаж отбасыларын қолдауға жұмылдыруда. Және ең бастысы – азаматтарды заң шеңберінде өз құқықтарын қолдануға үйретуде.