Мақтаарал ауданының 7 ауыл әкімі кепілдікпен жіберілді

387

Мемлекет қаражатын аса ірі көлемді жымқырғаны үшін айыпталған Мақтаарал ауданының 7 ауыл әкімі кепілдікпен жіберілді. Бұл туралы облыстық прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасының жұмыстары қорытылған баспасөз жиынында айтылды.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, бұл іске қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Айта кетейік, шенеуніктер «Балапан» және «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға бөлінген бюджет қаражатын қымқырған. Осылайша, қазынаға 100 миллион теңгеден астам шығын келген.

Сондай-ақ прокурорлардың ықпал ету шарасы нәтижесінде мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің мұнай ұрлау деректеріне қатыстылығы әшкере болды. Айтуларынша, оларға қатысты тиісті тергеу-тексерулер жүргізіліп, қылмысты іс сотқа жолданды. Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, жақында сот айыптау үкімін шығарып, қызметтерін асыра пайдаланған 3 қызметкерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.