Оңтүстікке Венгрияның төтенше және өкілетті елшісі келді

440
Оңтүстікке Венгрияның төтенше және өкілетті елшісі келді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, доктор Андраш Барани мен Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы Ференца Блауманнамен кездесті.

Оңтүстікке Венгрияның төтенше және өкілетті елшісі келді

Қос тараптың кездесуі барысында ауыл шаруашылығы, көлік-логистика саласының даму қарқыны және облыстың экономикалық мүмкіндіктері турасында сөз қозғалды.

Ауыл шаруашылығы саласында өсім индикаторы басым. Жылыжай бағытын дамытуда облыс елімізде көш бастап тұр. Республикадағы жылыжайдың 91 пайызы Оңтүстікке тиесілі. Ал Венгрияның осы салада тәжірибесі мол екені белгілі. Сондықтан өңірімізге инвестиция салу арқылы көп жетістікке жетуге болатынын жеткізген облыс басшысы екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыра отырып, мәдени байланысты да жандандыру қажеттігін алға тартты.

– Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Иштван Қоңыр Мандоки – барлық саналы ғұмырын мажар және күллі түркі халықтарының қандас, туыс жұрттар екендігін дәлелдеуге арнаған ғалым. Ол өз еңбектерінде түркі халықтарының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық ділін зерттеп, тың жаңалықтар ашқан, -деді облыс әкімі Ж.Түймебаев. – Міне, сол жолды жалғастыра отырып туыстас елдер ретінде бірлесе отырып мәдени іс-шараларды қолға алуымыз керек. Мәселен, келер жылдан бастап бүкіл түркілердің астанасы атанған Түркістан қаласында жоспарланған ауқымды жобаларға мажар халқы да үлес қосуға ниетті.

Еліміздің барлық қалаларында болған қонақтар келер жылы Оңтүстікте Венгрияның құрметті консулдығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуеті, өсу қарқынын зерделей келгендегі шешімі екенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласында тәжірибе алмаса отырып мажар жастарының Оңтүстік Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында білім алуына мүмкіндіктер қарастырылса деген ойларын да жеткізді.

,-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

Айта кетейік, екі ел арасындағы қарым қатынас жыл сайын нығая түсуде. Венгрия мен Қазақстан арасында тауар айналымы 2015 жылдың алғашқы 4 айында 29,3 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстан экпортының негізгі компонентері минералды отын, химиялық тыңайтқыш, жабдықтар мен механизмдер болып табылады. Сондай-ақ, қос елдің арасында энергетикалық, парламентаралық, мәдени-гуманитарлық байланыс тығыз орнаған.