Шымкентте азаматтарды алдап, 130 миллион теңге жымқырған алаяқ сотталды. Жедел іздестіру барысында күдіктінің 50-ге жуық жергілікті тұрғынды алдап келген Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталған.
34 жастағы алаяқ жәбірленушілерге Нұрсәт шағынауданынан пәтер алып берем деген сылтаумен сеніміне кіріп, олардың 130 миллион теңгесін иеленген екен. Осыған байланысты қылмысты кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) іс қозғалып, тергеу жүрген.
Нәтижесінде Шымкент қаласындағы Әл Фараби аудандық сотымен 34 жастағы алаяқ әйелге 6,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Жалпы, 2016 жылдың 10 айында Шымкентте 3000-нан аса алаяқтық фактісі тіркелген. Оның ішінде полицейлер 443 қылмысты ашып отыр. 90-нан аса күдікті қылмысты жауапкершілікке тартылған.