Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берді.
«ОҚО-да өз-өзін өртеген азамат туралы. Бүгін, 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ОҚО прокуратурасы ғимаратының алдында азамат Н.Айнабеков ешқандай талап қоймастан, өзімен бірге алып келген жанар-жағармайды денесіне құйып, жағып жіберді» делінген хабарламада.
«Маңайдағы адамдар дереу көмек беріп, отты сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, Н.Айнабеков өзіне қатысты қозғалған қылмысты іс бойынша ПБ-нің іс-әрекетіне наразылығын білдірген. Оның үстінен қылмысты кодекстің 4 бабы бойынша (алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, жала жабу, сөз тасу, т.б) іс қозғалған.
2016 жылдың 18 қарашасында Әл Фараби ауданы прокуратурасымен Айнабековке қатысты қылмысты іс айыптау актісімен сотқа жолданған. 2016 жылдын 12 желтоқсанда бірінші сот процесі өтті. Дегенмен, сотталушы Айнабековтың қорғаушысының сотқа келмеуіне байланысты сот отырысы 22 желтоқсанда, сағат 15:00-ге тағайындалған. Қазіргі таңда М.Айнабеков ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады» деп жазады прокуратураның баспасөз қызметі.