Табиғи газ

Табиғи газШымкентте Сәуле, Құрсай-1 және Құрсай-2 шағынаудандарында, Карл Маркс бөлімшесінде табиғи газ беру қалпына келді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ өкілдері осылай деп хабарлайды.

Арнайы бригада тәулік бойы жұмыс істеп, газ шығып жатқан жоғары қысымды құбырды жөндеуді аяқтады. Еске салайық, құбырдан газ шығып жатқаны 30 қараша күні кешке анықталған еді.

Осыған орай қалпына келтіру жұмысы аяқталғанша жоғарыда аталған шағынаудандарға көгілдір отын беру уақытша тоқтатылған. Бірнеше бригада жұмыс істеп, 1 желтоқсан күннен бастап тұтынушыларға қайта газ беріле бастады.