Тәуелсіздіктің тойы қарсаңында сайлау комиссиясының мүшелері де алғысқа бөленді. Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен салтанатты жиында комиссия белсенділері марапатталды.
Сайлау комиссиясының аудандық округтерінің 10-ға жуық төрағасына ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальдар табысталды. Астана қалалық сайлау комиссиясының алғыс хаттары да саяси науқан кезінде елеулі еңбегімен көзөге түскен комиссия мүшелеріне арнайы тапсырылды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласты.