Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

484
Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды. Қазақстан Президенті әкімшілігінің және Шардара аудандық мәслихатының келісімі бойынша бұл лауазымға Болатбек Қыстауов тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев таныстырып, лауазым иесінің жұмысына табыс тіледі.

Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

 

Мемлекеттік қызметте, партия жұмысында мол тәжірибесі бар білікті басшы ретінде жаңадан тағайындалған аудан әкіміне өңір басшысы бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен, жаңа әкімнің алдында инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру, туризм индустриясын дамытуды және жол бойындағы сервисті заман талабына сәйкес дамыту, ауданда жұмыссыздық  деңгейін барынша төмендету, мүгедектердің өмір сүру жағдайын  жақсарту үшін қолайлы орта құру міндеттері тұр.

Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сондай-ақ, жақын арада ауданның даму жоспарын жасап, облыс әкімдігінде таныстыру керек. Ауданның әлеуетін ескере отырып, шағын және орта бизнеске қолдау білдіріп, кәсіпкерлікті дамытуды  және ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдана отырып дамыту маңызды.

Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

Болатбек Дүйсенбекұлы 1973 жылы 15 тамызда туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1990 жылы Ленин ауданы «Күйік» асыл тұқымды зауытының асыл тұқым бөлімінің есепшісі болып бастаған. 1995-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі экономика басқармасының жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі қаржы басқармасының бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, Төлеби, Қазығұрт аудандық қаржы бөлімдерінің меңгерушісі, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, Қазығұрт ауданының әкімі ретінде еңбек еткен.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді.