Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

384
Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Желтоқсан айының 24 жұлдызында басталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі бүгін де жалғасын тапты. Облыс әкімінің тапсырмасына сай сауда-саттық жәрмеңкесі қаланың 3 жерінде өтті. Орталық стадион алаңы, «Әсел» базары мен «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдына келген жерлестеріміз жаңа жылдық дастарханына арзан бағамен азық-түлік алу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Жаңа жылдық жәрмеңкенің бүгін — үшінші күні. Орталық стадионда таңертеңнен тауар өндірушілер жайғасып, өнімдерін тезірек өткізуге жанталасып жатыр. Алушылар айтарлықтай көп емес, дегенмен, бағаның арзандығы көңілдерінен шыкқан секілді.

Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Үш күндік жәрмеңкеге 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, құны 96 млн теңгені құрайтын 167 тонна өнімдерін саудалапты.

Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Саудагерлердің айтуынша, тұтынушылардан сұранысқа ие болғаны — ет өнімдері. Үш күннің ішінде 62 тонна ет саудаланған. Осындай жәрмеңке бағаның тұрақтануына оң әсерін тигізетініне жергілікті басшылар сенімді. Сол себепті жаңа жылдық безендіру-әшекейлеріне де орталық әмбебап дүкеннің алдында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылған.

Нұрлан Жаңабай