Шымкентте ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме өтті

310
Шымкентте ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме өтті

«Жұлдызды 25 күн» — тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Нұрлы болашақ» тақырыбымен бірқатар шараларға толы күн болды. Оның аясында Шымкентте ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме өтті. Тауар өндірушілердің «Қазақстанда жасалған» атты бұл шарасында өңірдегі жеңіл өнеркјсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркјсібі, құрылыс заттары салаларының тауарлары қойылды. Облыс жетістіктерін «Туған жерді түлету перзенттік парыз!» атты шарасына қатысушылар, парламенті депутаттары, орталық органдар мен ұлттық компаниялар, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері тамашалап көрді.

Өңірде өндірілетін өнімнің бары осында. Құрылыс материалдары тоқыма өнімдері киім-кешектің түрі-түрі бар. Әсіресе, Шымкенттен шығатын аяқкиім өнімдеріне қызғушылар көп болды. Таза былғарыдан жасалған өнімдердің арасынан қыз-келіншектер де өз өз таңдауларын жасауда.

Бұл ағаштан жасалған композициялардың біздің өңірде жасалатынын біріміз білсек біріміз білмеспіз. Аулаларға қойылатын орындықтарға көбіне әлеуметтік нысандардан тапсырыстар түседі екен. Кәсіпкерлер шикізатты көбіне жергілікті тауарөндірушілерден, кей өнімдерді шет мемлекеттерден алдырдатымыз дейді.

Бүгінгі көрменің ерекешілігі сол — өңір жетістіктерін парламенті депутаттары, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері тамашалап көрді. Мәртебелі қонақтардың арасында облысты кезінде басқарғандар да бар. «Қазатомпром» ұлттық компаниясының өкілі Болат Жылқиышиев көрмеге қойылған өнімдерді мұқият көріп шықты. Кезінде өзі басқарған шымқаланың да шырайланып, өзгеріп кеткенін айып жеткізе алмаймын деді ол.

Осыдан оншақты жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары болған Дархан Мыңбай да кәсіпкерлердің өнімдерін жоғары бағалады. Кей отандық тауарларды өзі де жиі тұтынатынын айтады.

Оңтүстік Қазақстан облысының жетістіктері де орасан. Мәселен, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 1,5 млрд теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін өссе, өнеркәсіптің үлесі 15 пайыздан 28 пайызға дейін артты. Осы қарқын биыл да сақталып, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындары 643,1 млрд теңгенің өнімін өндірді.

Мақпал Рысбаева