Жағармай жарылысынан зардап шеккен азамат қаза тапты

267
Жағармай станциясындағы жарылыстың себеп-салдары тексерілуде

Шымкенттегі жағармай құю станциясындағы жарылыстан зардап шеккен адамның бірі бүгін Шымкенттегі ауруханада қайтыс болды. Денесінің 95 пайызы күйген оператор есін жимаған күні дүние салған.

Жағармай станциясындағы жарылыстың себеп-салдары тексерілуде

Ал екінші зардап шегуші — жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісінің халін дәрігерлер тұрақты-ауыр деп отыр. Оның денесінің 35 пайызы күйген.

Еске салайық, оқыс оқиға 20 желтоқсан түні болған. Цистернаға май құю барысында сұйық отын сыртқа төгіліп, жарылыстан екі адамның денесін күйік шалып, оператор жігіт сол жерде мерт болған еді. Жағармай зауыты өкілдері бұл — осы кәсіпорында 6 жылдағы осындай қайғылы жағдай деп отыр. Олар зардап шеккен қызметкерлерге толық көмек көрсетіледі деп сендіреді.