Жылу орталығына берілетін газдың қысымы қалпына келді

350
№3 жылу-энерго орталығы

Шымкентте газ мәселесі шешілді деуге болады. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы №3 энергоорталыққа беретін көгілдір отынның көлемін көбейтті.

№3 жылу-энерго орталығыЕске салар болсақ, 9 желтоқсан күні көгілдір отын таратушы мекеме 3-энергоорталыққа тәулігіне беріп жатқан 60 мың текшеметр газдың көлемін 25 мың текше метрге дейін төмендетіп жіберген-ді. Нәтижесінде көпқабатты үйлерге берілетін жылудың сапасы төмендеп кеткен.

Ал бүгін таңертең 3-энергоорталықтан беріліп жатқан жылудың температурасы көтерілді. Сала мамандары сырттағы ауа райына байланысты бұл жылудың температурасы жақсы дейді.

Мәселенің бәрі 3-энергоорталықтың «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы берешек қарызына байланысты болып тұр. Облыс әкімінің араласуымен бұл жолы да келеңсіздік уақытша шешімін тапты. Дегенмен, одан тұтынушылардың да, 3 ЖЭО-ның да көгілдір отын таратушылар алдындағы қарызы азайған жоқ.

Нұрлан Жаңабай