Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын жинақы болуға шақырды

333
Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын жинақы болуға шақырды

Осы аптада басталған Абай ауданы әкімінің халық алдындағы жылдық есебі аяқталды. Бүгін өткен соңғы есептік кездесуге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қатысып, аудан халқының бірқатар сауалдарына жауап беруге тырысты.

Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын жинақы болуға шақырды

Есептік кездесуге келген шаһар басшысы тұрғындарды тазалық сақтауға, өздері тұратын үй аулаларын күтіп-ұстауға шақырды. Себебі, қала бюджетінің қомақты қаржысы санитарлық тазалықа жұмсалады дейді шаһар әкімі. Және бар күш-жігерін қала аумағына қосылған елдімекендерді шаһар стандартына сай етуге атсалысып жатқанын жайып салды.

Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары да тазалық сақтауға қарсы емеспіз дейді. Тек сол елдімекендердің бүгінгі сиқы, жол және жарық мәселелері оған мұрша бермейтінін жеткізді. Ал аудан әкімдігінің мамандары өз міндеттерін дұрыс атқармайды деп қынжылыс білдіреді.

Есептік кездесуде қала басшысына қойылар сауал қарша борады. Бір өкініштісі, бәріне жауап беруге уақыт тапшы. Сол себепті Ғабидола Әбдірахымов келелі мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдауға уәдесін беріп қайтты.

Нұрлан Жаңабай