Шымкент қаласының әкім Ғабидолла Әбдірахымов өз қызметінен кетпейді. Осылай деген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері шаһар басшысының қызметтен кету-кетпеуі туралы ресми мәлімет беріп, ақпараттық құралдарда қала әкімінің өз қызметінен кетуі туралы тарап кеткен мәліметті теріске шығарып отыр.
«Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетпейді. Әкім 12 күн еңбек демалысында болып келіп, таяуда ғана жұмысына кірісті» деп жазады әкімнің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып 2015 жылдың 19 тамызы күні тағайындалған болатын. Ол шаһардың әзірге 13-ші әкімі.