Бүгін белгілі болғандай, Шымкенттегі қорғасын зауыты аймағында шағын тоғайдың орнында тазарту жұмыстары қарқын алған. Өкініштісі, ағаштар түбімен алынып тасталуда. Жер телімін сатып алған жеке кәсіпкер мұндағы жасыл желекті де алып тастауға рұқсат қағаздарын рәсімдедім дейді.
Бұл орында жақын арада құрылыс компаниясы өз жұмысына кіріспек. Ал тұрғындар аптап ыстықта сая болған бұл тоғайдың ауаны тазартуда да ықпалы бар еді деп қынжылуда. Басшылар түрлі ағаштар егіп, Шымкентке жасыл қала атағын қайтару үшін атсалысып жатқанда мұндай өрескел тірліктер көңілге қаяу түсіреді дейді шымкенттіктер.