Экспорт бағытындағы кәсіпорындарға үкіметтен қолдау бар

330
Экспорт бағытындағы кәсіпорындарға үкіметтен қолдау бар

Мемлекет экспорт бағытындағы кәсіпорындарды қолдауға әзір. Бүгін Шымкентте өткен дөңгелек үстелде сыртқы нарыққа тауар шығарудың жолдары талқыланды. «Kaznext Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өз қызметтерін түсіндірді. Астаналық делегаттар отандық өнімдерді халықаралық көрмеге ұсынуға көмектесіп, тіпті, жарнама жасауға кететін шығындарды өтеудің де әдістерін айтып берді.

Экспорт бағытындағы кәсіпорындарға үкіметтен қолдау бар

Сонымен, отандық кәсіпкерлерлердің шетел нарығына шығуы бұдан былай жеңілдей түспек. Елордалық қонақтар мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдала отырып, тауар экспорттаудың қыр-сырын жергілікті кәсіпкерлерге жіті түсіндіру үшін арнайы келіпті.

Отандық өнімдерді шетелдерде өтетін халықаралық көрмелерге қатыстыру мүмкіндігін айтпағанда тауар өндірушілер мемлекет жеңілдіктерін пайдалана отырып, өзге елдердің сапа сертификатарын иемдене елады. Тіпті, шетелде жарнамалық роликтерді жеңілдікпен жасатуға да қол жеткізе алады.

Ең бастысы — кәпіорындар шикізат бағытында болмауы тиіс. Айта кетейіқ, былтыр өңірде экспорттық айналым көлемі 1 млрд 600 млн долларды құраған болатын.

Ұлттық агенттікпен әріптестік жасасып отырған 50 компанияның ішінде «Ордабасы Құс» ЖШС де бар. Жергілікті фабрикада өндірілетін өнімдерге бүгінде Ресей, Қырғызстан елдерінен сұраныс зор. Былтыр кәсіпорын 3 мың тоннадан астам түйетауық етін шетелдерге тасымалдаған.

Галина Нахманович, «Ордабасы құс» ЖШС директорының орынбасары: «Шетелдерге тауар экспорттайтын кәсіпкерлердің бір мәселесі бар. Ол — көлік шығындары. Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктері сияқты алпауыт елдерден алшақ жатқанын ескерсек, шығынның аз еместігіне көз жеткізу қиын емес. Сондықтан, ұлттык агенттік осы мақсатта қолдаулар көрсетсе, бизнес өкілдеріне қолай болар еді. Тым болмаса, кеткен шығындардың белгілі бір бөлігі өтелсе де дұрыс қой.»

Айта кетейік, биыл «Қазинвест» компаниясы оншақты сауда миссиясын ұйымдастыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, 40 шақты отандық кәсіпорынның өнімдерін шетелдерде өтетін халықаралық көрмелерге қатыстыруға мұрындық болады.

Мақпал Рысбаева